Қарағандының дәрігерлері екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт алып шықты.
Қарағандыда екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт шықты
1,125
оқылды

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының мәліметінше, екі жасар баланың ата-анасы денсаулық сақтау ұйымына 18 шілдеде келген. Олар 19 шілдеде қайта шақырылып, баланы дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатқызылды.

Қыз баланың мұрнынан жағымсыз иіс 3-4 күн бұрын пайда болғанын әжесі сезген. Алайда дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастағанда жүгінген. 

«Қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы 2,6 жастағы қызды мұрыннан қан кетумен және  мұрнында бөгде дене бар деген күдікпен алып келді. Риноксопия кезінде оң жақ мұрын жолынан бөгде денелер (губка, тірі құрттар) табылды», деп хабарлады Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы.

Белгілі болғандай, баланың мұрнында 10 тірі құрт пен губканың бір бөлігі болған.

Дәрігерлер бұл сирек кездесетін жағдай екенін айтады.