Республика бойынша жел күшейеді.
21 шілдеге арналған ауа райы болжамы
3,437
оқылды

«Қазгидромет» РМҚ 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республика бойынша жел күшейеді, Жетісу облысында 30 м/с және одан жоғары жел соғады, түнде және таңертең солтүстікте және батыста тұман түседі.

«Күндіз Ақмола облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп болжанды. Тек батыста және оңтүстік-батыста күн ашық болады», – деп хабарлады синоптиктер.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.с