2022 жылдың желтоқсанында Ақтөбе қаласының еріктілері мен полициясы бүлдіршіннің әжесінің үйінің ауласынан жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахуновты іздеген болатын.
Ақтөбеде қатыгездікпен өлтірілген 4 жасар бүлдіршіннің анасына іздеу жарияланды
1,205
оқылды
Ақтөбеде сот 4 жасар Данилдің анасын іздеп жатыр, – деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
 
Судья оны іздеуге уақыт беру үшін сот ісін кейінге қалдырды. Бірақ прокурор да, тергеуші де оны таба алмай жатыр. Қатыгездікпен өлтірілген баланың анасы ұшты-күйлі жоқ.
 
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Данил ауырған, інісі мен қарындасына барам деп сұранған. Баласына ашуланған әкесі оны ұрған. Кошевой көшесіндегі жалдамалы пәтерде бүлдіршін әкесінің қолынан қайтыс болған.
Әкесі экскаватор-тиегіш жалдап, баланы көміп тастаған. Шұңқыр қазған экскаватор жүргізушісінен жауап алынды.
 
Ер адам айыпталушыны тек бір-ақ рет көргенін айтты. Данилдің әкесі жүргізушіні интернеттегі хабарландыру арқылы тапқан.
 
"Ол ата-анасына үй салып жатқандықтан, құрылыс қоқыстары үшін шұңқыр қазуды өтінді. Мен қоқыстың өзін көрген жоқпын. Кейін клиент маған еңбегім үшін 20 мың теңге берді. Мен кетіп қалдым. Осыдан кейін мен оны көрмедім. Бірнеше күннен кейін маған полициядан қоңырау шалып, шұңқырды неге қазғанымды сұрады. Мен қалай болғанын айттым. Әрине, мен бұл туралы білгенімде, осы 20 мың теңгеге азық-түлік сатып алып, балаларыма бермес едім. Маған мұндай ақша қажет емес", – деп түсіндірді ол.
 
"Үміт" балалар үйінің қызметкерлері мен басшылығынан да жауап алынды. Олар Артур Ахунов балаларын 1 желтоқсанда туған күнін тойлауға мекемеге әкелген кезде бүлдіршіндердің денесі көгергенін көрген.