Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді
Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды
1,918
оқылды
Алматының үш ауданы жарықсыз қалды.

Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді. 

Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды.

 

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандарын штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі ретінде ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануын айтты.