Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қызылордада тұрғындарды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды
928
оқылды
Қызылордада 19 тұрғынды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 19 қала тұрғынын сыйақы үшін қайтарымсыз грант алып беремін деп уәде берген 42 жастағы әйелді анықтады.

Күдікті әйел 2022 жылдың наурыз айынан бастап қайтарымсыз грант алып бере алатынын айтып, 19 жәбірленушіден жалпы сомасы 26 млн 730 мың теңге ақша алған. Ақшаны алғаннан кейін бұл азаматша телефон қоңырауларына жауап бермей, қашып жүрген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.