Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматыда қатты желден ағаштар құлап, жарық өшіп қалды
1,286
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданында электр желісінде апат болып, жарық өшіп қалды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

«Алатау жарық компаниясы» АҚ мәлімет еткендей, қатты желдің салдарынан қаланың кейбір аудандарында ағаштар құлаған.

«Қатты желден электр тарату желісіндегі 6-10-0, 4 КВт ажыраған. Салдарынан жарық өшіп қалған. Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті. Электр қуатынсыз қалған аудандарды «АЖК» АҚ сайтының картасынан көруге болады. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 сағаттың ішінде жарық қосылады деп жоспарланып отыр», – делінген «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Алматыда нөсер жаңбыр жауған. Қатты желден ағаштар құлаған.