IT-Aiel бағдарламасы аясында 2 мың қазақ­стандық әйел тегін білім ала­ды. Бұл туралы Орта­лық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова мәлімдеді.
Әйелдерге арналған IT-жоба
695
оқылды

Оның айтуынша, жоба ҚР Президенті жанындағы Әйел­дер істері және отбасы­лық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Astana Hub», «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйы­мы және «ITeachMe» қоғам­дық қорының қолдауымен іске асырылады. Жоба 1 та­мызда қазақ және орыс тіл­дерінде онлайн-форматта басталады.

Елімізде еңбекке жарамды жастағы 967 мың әйел бар болса, оның 34 пайызы жұ­мыс істемейді. Еңбекке жарам­ды жастағы әйелдердің 41,4 пайызы жоғары білімді.

– Қазіргі уақытта IT-Aiel бағдарламасы бойынша No Code School, Freelance School, компьютерлік сауат­тылықтың негізгі курстарына оқуға жұмыссыз әйелдерден, декреттік демалыстағы әйел­дерден, студенттер мен 18 жастан асқан кәсіпкерлерден 2307 өтініш келіп түсті, – дейді Алина Әбдірахманова.

IT-Aiel бағдарламасына қатысуға жұмыссыз әйел­дер­ден 2307 өтініш түскен. Оның ішінде Астанада – 668, Ал­матыда – 371, Шымкентте – 63, өңірлерде 1205 үміткер бар.