Алматыда студенттер жатақханасына деген қажеттілік 33 мың орыннан асады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ректорлармен және инвесторлармен кездесуінде айтылды.
33 мың студент жатақханаға мұқтаж
703
оқылды

Кездесуде жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы және студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге байланысты мәселелері талқыланды. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешуге, қолданыстағы жатақханаларды жаңғыртуға және студенттердің жайлылығын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жаңа студенттік жатақханалардың құрылысындағы ілгерілеушілік қарастырылып, Алматыда студенттік жатақханалардың құрылысы бойынша жобаларды іске асырумен айналысатын жобалық кеңсенің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.

«Көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда Алматы ЖОО-ларында оқуға ниет білдірушілер көбейіп келеді. Алматы қаласындағы жоғары оқу орын­дары­ның деректері бойынша жатақханаға қажеттілік 32 718 төсек-орынды құрап отыр. Бұл – жаңа қабылдауды есепке алмағандағы болжам. Осыған байланысты былтырғы тәжірибені және осы мәселе бойынша тәуекелдерді ескере отырып, жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Жоғары оқу орындарының басшыларына 15 тамызға дейін барлық жоспар­ланған жөндеу жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ корпустарда, жатақханаларда, асханаларда және санитариялық тораптарда толық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді тапсыра­мын», – деді министр.