Жуырда отандық ұялы бай­ла­ныс операторлары тарифтердің баға­сын көтеретінін хабарлаған бола­тын.
Бағаға мониторинг жүргізілуде
829
оқылды

Аталмыш жағдайға қа­тысты Бәсекелестікті қорғау жә­не дамыту агенттігі төрағасы­ның орынбасары Болат Сәмбе­тов жауап берді.

«Қазір Агенттік өз құзыреті аясында тиіс­ті жұмыс жасап жатыр: сұрау салу­лар жолданды, бағалар мониторингі жүр­­­­гізілуде. Бірақ Агенттік моно­по­лия­ға қарсы жоғары бағаны белгілеу жө­­ніндегі монополияға қарсы заңна­ма­ны бұзу белгілері болған кезде баға­ны көтерудің негізділігін тергеп-тек­серу аясында ғана анықтай алады. Қа­зіргі уақытта монополияға қарсы заң­наманы бұзу белгілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – де­ді ол.

Егер тарифтерді негізсіз көтеру фак­­­тілері анықталатын болса, онда заң­намада әкімшілік жауапкершілік көз­делген.

Айта кету керек, биыл ұялы байла­ныс операторларының бағалары та­риф­тік жоспарларға байланысты 8 пайыз­дан 50 пайызға дейін өскен бола­тын. 2021–2022 жылдар кезеңінде та­риф­тер орта есеппен 13 пайыздан 37 пайыз­ға дейін қымбаттады. Мәселен, 2023 жылдың сәуірінде Beeline опе­раторының «Жарқын» тарифтік жос­парының құны 1 790 теңгеден 2 490 тең­геге дейін  (өсім 39%) өсті; «Кселл» мен «Теле2» тамыз айынан бастап әр­түрлі тарифтік жоспарлардың қым­бат­та­ғанын мәлімдеген еді: мысалы, «Нақ­ты лимит» тарифінің құны 3 390 тең­геден 4 390 теңгеге дейін өссе, «Жай су­пер» тарифі 2 590 теңгеден 3 290 тең­геге дейін қымбаттады.

Агенттікке тарифтердің өсуіне жә­не талап етілмеген қызметтерді таңуға былтырдан бері 200-ден астам шағым түс­кен. Қазір бұл мәселе сотта қаралып жа­тыр.

А.ҚАЗАҚ