Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Сарыағашта бес жасар қызды 4 адам жабылып зорлағаны жайлы ақпарат тарады
2,294
оқылды

 Әлеуметтік желіде Сарыағаштағы 5 жасар қызды 4 адам зорлағаны жайында жалған ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысының Полиция департаменті Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөзге ғана сүйенуге кеңес береді. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тергеу нәтижесімен аталған қылмыстық әрекетті тек бір күдіктінің жасағаны дәлелденіп, ол қамауға алынған. Өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген деректер мен дәлелдер жоқ», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.