Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Талдықорғанда той кортежі 13 жастағы баланы қағып кетті
1,217
оқылды

Талдықорған қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Той кортежі скутер жүргізушісін қағып кеткен, – деп хабарлайды Elitar.kz сайты.

13 жасар скутер жүргізушісін үйлену кортежі қағып кетті.

Көптеген жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды.

"Сараптама тағайындалды. Автокөлік құралдары арнайы автотұраққа орналастырылған. Тергеу кезінде жапондық шетелдік көліктің жүргізушісіне қатысты "келу туралы міндеттеме" процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", – деп хабарлады аймақ полициясының баспасөз қызметі.