Бірінші секундтағы нокаут: ММА тарихындағы ең жылдам нокауттың видеосы шықты

Жеңіліп көрмеген америкалық файтер Луис Эрнандес (3-0) ММА тарихында ең жылдам нокаут жасады. Бұл оқиға АҚШ-та Titan FC 83 турнирінде болды, – деп хабарлады Vesti.kz.

Орта салмақтағы 26 жастағы жауынгердің қарсыласы америкалық Брайан Топп (0-4) болды. Жекпе-жек басталған соң Эрнандес қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. 

Алайда көпшілік Луисті сынға алып, әрекетін жігіттің ісі емес деп бағалады. Видеода Эрнандес алдымен қол алысуға ишарат білдіріп, сосын шалт қимылмен бір тепкені көрініп тұр. Қарсыласы оған дайын болмай қалды.

Айта кетейік, Эрнандес кәсіпқой UFC-де 5 секунд ішінде жеңіске жеткен Хорхе Масвидальді жеңген болатын.