Көлікті тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
Алматыда жалған доллар сатпақ болғандар ұсталды
1,228
оқылды

Алматыда бір топ жеке тұлғалар криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатуды көздеген. Бұл туралы Aikyn.kz сайты ҚМА-не сілтеме жасап хабарлайды.

Сақтау және сатуға әрекет жасау фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.

Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілер қамауға алынды.