Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, екпінді жел, жаңбыр күтіледі.
Жаңбыр, жел, найзағай: Алдағы 3  күнге арналған ауа райы болжамы
15,732
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 25-27 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Алдағы күндері атмосфералық бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, екпінді жел, жаңбыр күтіледі.

Солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал, 27 шілдеде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Солтүстік-батыс антициклонының сілемімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.