Дегерес ауылдық округіне қарасты Дегерес, Сұнқар, Қараарша, Бесмойнақ және Шиен ауылдық округіне қарасты Шиен ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
Алматы облысындағы 5 ауылда төтенше жағдай жарияланады
5,419
оқылды

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан су шайып кеткен Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты 5 ауылда төтенше жағдай жарияланады.

«Дегерес ауылдық округіне қарасты Дегерес, Сұнқар, Қараарша, Бесмойнақ және Шиен ауылдық округіне қарасты Шиен ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жою басшысы болып Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А. Туматаев тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлының шешім-жобасында.