Халыққа құқықтық көмек беріп, тұр­ғындардың талабына құлақ асу – бүгінгінің басты қағидасы. Сол се­бептен «AМАNАТ» партиясы жанында­ғы республикалық қоғамдық қабылдауда көтерілген кез келген мәселеге жіті көңіл бөлініп, шешілу жолдарын жан-жақты қарастыру аса маңызды.
Шешілмейтін түйін жоқ
1,145
оқылды

Бүгінде аймақтағы бөлімшелердегі қоғамдық қабылдау халықтың өтініш айтып келетін орталығына да айналды. 

Биыл алғашқы жарты жылдықта пар­тия­ның қоғамдық қабылдауына 35,6 мың адам жүгінген. Бірі орталыққа өздері бас сұқ­са, енді бірі әртүрлі байланыс құрал­дары арқылы хабарласып, өтініштерін қал­дырып жатады. Ең маңыздысы сол, кө­терілген мәселелердің 46 пайызы оң ше­шімін тауып, 39 пайызы бойынша тү­сі­нік­темелер беріліп, өтініштердің 15 пайы­зы бақылауға алынған.

Өтініш берушілердің 63 пайызы әйел­дер болса, елді мекеннің таралу түрі бойын­­­ша талдау облыстық республикалық маңы­­­зы бар қалалардың тұрғындары жиі жү­гінетінін көрсетіп отыр. Айталық, 62,3 пайы­­зы – қала, 37,7 пайызы – ауыл тұр­ғы­ны. Оның ішінде өтініштердің 25,2 пайы­зы – әлеуметтік қамсыздандыру мә­се­лелері бойын­ша, 24 пайызы – тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық мәселелері бойын­ша, ал 11,3 пайызы – жұмыспен қам­ту және еңбек қатынастары бойынша түс­кен.

Биыл Түркістан облысы Отырар ау­да­нын­да «Құқық көмек» партиялық жобасын жү­зеге асыру аясында Қоғам ауылының тұр­ғыны Г.Сахиева азаматтық алуға жәр­дем­десуді сұрап келген. Оның айтуынша, 2018 жылы ол Қазақстанға қоныс ауда­рып­ты. Ал 2021 жылы Түркістан облысы ІІД кө­ші-қон қызметіне азаматтық алу үшін құ­жаттарын тапсырады. Алайда белгісіз себептермен 2 жыл бойы арызданушының өтініші оң шешімін таппай келген көрінеді. Оның өтінішін тыңдаған партия мүшелері Түркістан облысы ІІД көші-қон қыз­метіне хабарласып, мән-жайды біліпті. Осы­лайша, биыл талай жылдан бері аза­мат­тық алу үшін әр есіктің табалдырығын тоздырып жүрген арызданушының өтініші қа­былданып, шілде айының соңында Қа­зақ­стан азаматтығын алды. Сондай-ақ Шы­ғыс Қазақстан облысында «Халыққа көмек» партиялық жобасын жүзеге асыру ая­сында көпбалалы отбасылар баспана алу­ға көмектесуді сұрап келген. Көмек сұ­рап келген үш отбасы да Жамбыл об­лы­сынан қоныс аударыпты. Қазіргі таңда олар­дың да мәселесі шешіліп, партия мүшелері және Күршім аудандық мәсли­ха­тының депутаты Қ.Бахтияровтың ұйыт­қы болуымен көшіп-қонушылардың от­ба­сыларына баспана алуға көмек көрсе­тілді.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі Мобильді қоғамдық қабылдау да нәтиже беріп отыр. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Амангелді ауылындағы пар­тия мүшелерінің сапарында ауыл тұр­ғын­дары ауыл мектебін күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін алға тартқан. Партия мү­шелері мен облыстық мәслихат депу­та­ты Нұртай Сәпиұлының көмегімен мек­теп­ті күрделі жөндеуден өткізуге 353 мил­лион теңге бөлінді. Айта кету керек, жыл ба­сынан бері 117 көшпелі қоғамдық қа­был­дау өткізіліп, оған 159 ауылдық елді ме­кен қамтылған. Оның ішінде 1261 өті­ніш түссе, оның 452-сі оң шешімін тауып отыр. Ал 136 өтініш орындалу үстінде және 666 мәселеге түсініктеме берілді. Тұр­ғын­дар көтерген мәселенің ішінде жеке қо­салқы шаруашылыққа жер телімдерін, жайы­лымдар мен шабындықтарды беру, об­лыстық, аудандық маңызы бар авто­мо­биль жолдарын және елді мекенішілік жол­дарды күрделі және орташа жөндеу, ауыл­дарды абаттандыру, инфрақұрылым жә­не газбен қамту мәселелері бойынша өті­ніштер жиі түскен.

Жақында Қостанай облысы Лисаков қа­­лалық партия бөлімшесіне келген тұр­ғын жұмыс берушісінің еңбекақысын тө­ле­те алмай жүргені туралы өтінішпен жү­гін­ген. Арызданушы 2022 жылдың жел­­тоқсан айында «Жалдама» ЖШС-де жұмыс­шы болып жұмыс істеген. «Келісім бойынша жұмыс істеген, жұмыс мерзімі өткен­нен кейін арызданушыға жалақы төленбеген. Сондай-ақ бұл ұйымның тағы 4 қыз­меткеріне еңбекақы төленбеген. Бұ­рынғы қызметкерлер «Қостанай облы­сы­ның еңбек инспекциясы жөніндегі бас­қар­масы» ММ-не жүгінгенімен, мәселе ше­шімін таппай келіпті», – дейді Лисаков қа­лалық мәслихаты депутаты Кан Афана­сий. 

Арызданушы мен жұмыс берушілердің де айтарын тыңдаған депутат серіктестік ны­санындағы қиындықтарға байланысты ертерек төлем жасау мүмкін болмағанын біл­ген. Дегенмен өтініш берушінің мәсе­ле­сі оң шешімін тауып, арызданушының да, басқа қызметкерлерге де жалақы толық төленген. 

Осылайша, ауыл тұрғындарының Қо­ғам­дық қабылдау партиясына түскен өті­ніш­терінің үлесі 15,7%-ға өсті. Оның ішін­де 8,3%-ы жылжымалы қоғамдық қа­был­дау бөліміне түскен екен. Мұның өзі Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің енгізілуі тұрғындармен кері байланысты жақ­сартуға және шалғайдағы ауыл тұрғын­дарының өтініштерін арттыруға, партияға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік беріп келеді.

Жадыра МҮСІЛІМ