«AМАNАТ» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы халықтың көңілінен шығып, игілікті істерге мұрындық болуда.
Ардагерге құрмет –  азаматтық іс
1,011
оқылды

«Жобаның мәні мен маңызы екін­ші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің, тыл ардагерлерінің және соларға теңес­тірілген тұлғалардың қазіргі таңдағы ты­ныс-тіршілігімен, хал-жағдайымен та­­­­нысып, оларға қамқорлық таныту, іс-шаралар ұйымдастыруда ақылдасып-кеңесуде жатыр. Ардагерлермен өткі­зілген әрбір іс-шараның артында үлкен та­ғылым, тәрбие бар. Олардың ерлік­те­рін естіген жастардың қызығу­шы­лы­ғы, елге деген, туған топыраққа деген сүйіс­пеншілігі арта түсетінін байқап жүр­міз», – дейді «АМАNАТ» партиясы Түр­кістан облыстық филиалы Ат­қа­ру­шы хатшысының орынбасары, облыс­тық мәслихат депутаты Қалыйма Жан­төреева.

Жоба аясында Түркістан об­лы­сын­да 26 сәуір мен 6 мамыр ара­лы­ғында ұйымдастырылған «Қарт­та­рым, аман-сау жүрші!» онкүндік іс-ша­ра­сы кезінде жергілікті жерлердегі БПҰ-ның бел­сен­ділік танытуымен «Ар­дагер денсау­лы­ғы», «Жақсылық жа­сап жары­сайық!», «Қамқор», «Ерлік еш­қашан ұмы­тылмайды» акциялары, жал­пы саны 170 іс-шара өткізілген. Нәти­же­сін­де, 14 екінші дүниежүзілік со­ғыс ар­­дагеріне, 105 тыл еңбеккеріне, сон­дай-ақ әртүрлі саладағы 513 арда­гер­ге азық-түлік таратылды. Сонымен қатар қарттарға медициналық көмек көр­сетуге арналған «Ашық есік күні» түр­лі ме­кемелерде әртүрлі саладағы ар­да­­гер­лермен кездесулер ұйымдас­тырылды. 

– Облыста жобаны іске асыру он екі кесте арқылы жүзеге асырылуда. Со­ның бірі ретінде «Жастар Рухы» жастар қа­на­тының жанынан құрылған еріктілер тобы іске асырып жатқан істерді атап өту­ге болады. Аудандарда құрылған ерік­тілер тобының құрамы 10 партия мү­шесінен кем емес. Олар өздерінің жос­парына сәйкес, әрбір ардагерді тұр­ғылықты мекенжайы бойынша бел­гі­леп, бөліп алып, ұдайы хабар алып тұ­ра­ды, мерекелік концерттерге, кез­десулерге, тіпті, дәрігердің тексеруіне тұрақ­ты түрде алып баруға ықпал етіп отырады. Сондай-ақ ардагерлердің аулаларын тазалау, әктеу, көгалдандыру сияқты жұмыстарға қолғабыс етеді, – дейді Қ.Жантөреева.

Облыстық мәслихат депутаты өз сө­зінде партиялық жоба жұмыстары жал­ғасатынын жеткізді.

«Жуырда ғана Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қа­­зақстан» және «Адал азамат» ұғым­дары ел тірегі болатын егіз құндылық ре­­тінде әрдайым қатар тұруға тиіс» де­ген болатын. Осы тұста ардагерлерге құр­мет біздің басты ұстаным­дары­мыз­дың бірі болуы керектігін әрбір азамат жа­­дында ұстағаны жөн. Біздің партия­лық жо­ба­мыздың аты да затына сай. Жұмыстар ары қарай жалғаса береді», – деді де­путат.

Назгүл НАЗАРБЕК