Солтүстік Қазақстан облысында абақтады отырған ер адам қайтыс болды.
Петропавлдағы түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адам қайтыс болды
1,825
оқылды

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Департаменттің мәліметінше, оқиға 21 шілде күні болған. Петропавлдағы №48 абақтыда бірнеше адам төбелескен. Түрменің әкімшілік қызметкерлері жанжалды тоқтатқан. Профилактикалық әңгіме барысында сотталғандардың бірі демала алмай, тұншыға бастаған.

Мекеме қызметкерлері дереу жедел жәрдем қызметін шақырған. Мамандар келгенше өздері алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда, шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері ер адамның өлгенін растады.

«Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылды. СҚО Полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу тағайындады», – делінген ресми хабарламада.

Жазасын өтеп жатқан ер адамның неден қайтыс болғаны белгісіз. Сарапшы денесін тексеріп, жарақат таппаған.