Інісі қылмысын жасыру үшін шағын қора салған.
Інісі ағасын арматурамен ұрып өлтіргені 2 жылдан кейін анықталды
1,379
оқылды

Шымкентте полицейлер екі жыл бұрын болған қылмысты ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, 2021 жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Полиция басқармасына 32 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын хабарласты. 

Анасы ер адамның екі апта бұрын үйден шығып, қайтып оралмағанын айтты. Хабар-ошарсыз кеткен ер адамды полицейлер жан-жақтан іздеді. 

Тәртіп сақшылары оның отбасы мүшелерінен, көршілерінен, достарынан сауалнама жүргізіп, жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. 

2 жыл бойы іздестіру нәтижесіз болды. Биыл жылдың басында жедел қызметкерлер осы дерек бойынша бір дерек тапты. Кездейсоқ куәгердің жауабына сәйкес, ер адамның жоғалып кетуіне інісінің қатысы барын білді. Нәтижесінде, отбасылық жанжалда ол туысын басынан арматурамен бірнеше рет ұрып өлтіргені анықталды. Мұндай қастандыққа өгей ағасының мас күйінде анасымен жанжалдасатыны итермелеген. 

Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін қаскүнем мәйітті сырттағы дәретханаға тастап, шұңқырды бетонмен толтырып, үстіне шағын қора тұрғызған. Күдікті қамауға алынды. 

Қылмыстық іс сотқа жолданды.