Qazaq boxing залының жаттықтырушысы, әлеуметтік желілерде танымал тренер Мұхит Амантаев қазақ боксы өзбек боксынан жоғары екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол "Abay Live" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өзбекстанда қазақтан жеңілмеңдер": бапкер қазақ-өзбек спортшылары арасындағы бәсеке туралы айтты
8,511
оқылды

"Өзбекстанда басқа-басқа қазақтан ұтылуға құқыларың жоқ деп айтады екен. Бізде де дәл солай ғой. Басқа-басқа өзбектің боксшысынан ұтылуға болмайды деген. Бұл спорттық бәсекелестік шығар. Бірақ біздің бокс өзбек боксынан бір бас жоғары. Біздің бокс таза, жүрген жүрісі, манерасы, аяқта ойнауы әдемі. Өзбек боксы да жай-жай соған келіп жатыр. Сонда да өзбек боксшыларының бокстары "кірлеу".  Кейбір кезде шынтақпен ұрады, баспен кіреді, лақтырып жібереді. Ал олар керек емес дүниелер. Біздің қазақтың боксы жасаған да, жасайды да", - дейді ол. 

Сондай-ақ спортшы Өзбекстанда өткен әлем біріншілігінде қазақ боксшыларынан қандай нәтиже күткенін де жасырмады. 

"Әлем біріншілігіне біздің спортшылар Өзбекстанға кетіп бара жатқанда Қазақстан боксына өте қиын болады дегем. Мен өзім в шоке болдым шынымды айтсам. Жалғыз маған емес, бүкіл адамға сенсация болды деп ойлаймын. Өйткені жарыс солардың жерінде болса, жеңіп тұрсаң да бермей қоятын. Әділетсіздік, бұрмалаушылық  көп болатын. Мен екі-ақ әлем чемпионы болады деп ойладым. Олар - Аслан Шымбергенов және Махмұд Сабырхан", - дейді бапкер.