Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін экологтер су қоймасынан сынама алды.
Қарағанды облысындағы су қоймасында балықтар қырылып жатыр
854
оқылды

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласының маңындағы Самарқант су қоймасында балықтар қырылып жатыр.

Осы оқиғаға байланысты теміртаулықтар әлеуметтік желіге бейнежазба жариялап, наразылық білдірді. Артынша экологтер су қоймасына барып балықтардың қырылу фактісін нақтылады. Алайда әзірге олардың неден өлгені белгісіз. 

«Қарағанды ​​облысы бойынша Экология департаменті, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы, Теміртау қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Қарағанды ​​облыстық аумақтық орман шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, Самарқант су қоймасының жағдайын анықтауға барды. Экология департаментінің маманы су сынамасын алды. Нәтижелері кейінірек жарияланады»,– деп мәлімдеді Экология департаментінің баспасөз қызметі.