Оқыс оқиға Қосшы қаласында болған.
Ақмолада 3 жасар бүлдіршін 4-қабаттан құлап кетті
796
оқылды

Ақмола облысында 3 жасар қыз бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға Қосшы қаласында болған. Бұл туралы Қосшы қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының қызметкерлері мәлімдеген.

«Белгілі болғандай ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылғы қыз бала терезеден құлады. Салдарынан бала «жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғаларының сынуы» диагнозымен Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларды терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға, масалардың торларын тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға, терезелердің жанына жиһаз қоймауға кеңес береді.