Әлеуметтік желіде Атыраудағы «Саванна» бассейнінде болған төбелестің видеосы тарады.
Атырауда бассейнде төбелес болып, екі адам ауруханаға жеткізілді
1,889
оқылды

Атырауда су бассейні кешеніндегі төбелестен зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Атырау қаласының «Жұлдыз» шағынауданындағы «Саванна» су бассейні кешенінде бірнеше жігіт төбелескен.

«Жергілікті уақытпен сағат 20.09 шамасында Атырау қалалық Полиция басқармасының №2 полиция бөліміне шақырту түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, тексеру жүргізді. Тексеру кезінде 2007 жылғы жасөспірімге 22 жастағы жігіттің тиіскені анықталды. Жасөспірім құтқарушылардың біріне шағым айтқан. Содан соң 2001 жылғы жігіт пен 18 жастағы құтқарушының арасында төбелес болған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Төбелестің салдарынан 2001 және 2005 жылғы екі адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Осыған байланысты 1993, 1994 және 1995 жылғы күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігімен тергеу амалдары жүріп жатыр.