Су жұтып қойған балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмектесіп үлгере алмаған.
Шымкентте бала субұрқақтың суына тұншығып, көз жұмды
738
оқылды
Шымкентте 10 жасар бала субұрқақта тұншығып, көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, ойын баласы қалалық әкімдіктің алдындағы фонтанда шомылып жүрген. 
 

Тереңдігі бір метрден асатын субұрқаққа жеткіншек қатарластарымен бірге секірген,-  деп мәлімдеді "Астана" телеарнасы.

Су жұтып қойған балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмектесіп үлгере алмаған. Жеткіншек ата-анасының қарауынсыз шомылып жүрген.

"2013 жылғы бүлдіршін суға шомылып жүріп жүзу қағидаларын білмеуінен оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда Полиция департаменті сот-медициналық сараптамасын тағайындады", – деп хабарлады қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзов.