Көліктер Полиция басқармасының автотұрағына қойылды.
Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топқа тосқауыл қойды
917
оқылды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақ маңында өзара қарым-қатынасты айқындамақ болған бір топ жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды.

 

Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді.

Көліктер Полиция басқармасының автотұрағына қойылды.

ҚР ҚК-нің 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.