«Қазгидромет» 26 шілдеге арналған ауа болжамын жариялады.
Бүгін 12 өңірде 42 градус ыстық болады
1,332
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен батыс, солтүстік, оңтүстік-шығыста ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек қана оңтүстік, шығыс, орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде солтүстік-батыста тұман болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында Жетісу, Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-42°С аптап ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық - 42°С, Түркістан облысының батысында өте қатты ыстық, шөлді аудандарында 45°С, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында 40-42°С сақталады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, орталығында, шығысында Қызылорда, батысында, оңтүстігінде Павлодар, оңтүстігінде Ақтөбе, батысында, солтүстігінде Атырау, оңтүстігінде, батысында Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанайдың оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Фото: 4mark.net