Қызылорда облысы Арал ауданында қой бағып жүрген 44 жастағы ер адам суға кетті.
Қызылордада қой бағып жүрген шопан суға батып кетті
1,379
оқылды

Төтенше жағдайлар қызметіне кеше сағат 17.28-де Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылында тұратын азаматтың суға кеткені жөнінде хабарлама түсті. Бұл туралы Aikyn.kz Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«1979 жылы туған азамат қой бағып жүріп, «Жарма» суармалы каналына суға түсіп, батып кеткен. Ауыл тұрғындары мәйітін судан шығарды», – деді департамент өкілі. 

Өңірде жыл басынан бері 22 адам суға кеткен, оның 6-ы бала.

Бұған дейін Шымкентте бала субұрқақтың суына тұншығып көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.