Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды
1,147
оқылды

Елордада Министрліктер үйі маңындағы көпірден секірмек болған әйел құтқарылды.

Қала тұрғындары құтқарушылардың әйелді көпірден аман-есен түсіріп алғанын айтып, видеолар жариялады.

«Әзірге толық мән-жайлар анықталып жатыр. Қазіргі уақытта азаматша Есіл аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау мақсатында одан сұрақ-жауап алынып жатыр», – деп мәлім етті Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардағы ақпаратқа сәйкес, әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылған баласын босату туралы талап қойған.