Lamborghini фураның астына кіріп кетті

22 шілде күні АҚШ-тағы Джорджия штатында Lamborghini Aventador қатысқан апат болды, – деп хабарлайды Кolesa.kz.

Желіде жарияланған суреттерден жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі қатты бүлініп, төбесі жапырылып қалғанын көруге болады.

Ал жүргізуші миы шайқалып, жарақат алғаны болмаса, дін аман екен. Машина сәл оңға ығысқанда, 36 жастағы ер адам салонға қысылып қалар еді.

Оқиға болардан 20 минут бұрын трассада жүрген полицейлердің бірі әріптестеріне сұр түсті суперкар сағатына 100 миль жылдамдықпен жүйткіп бара жатқанын ескерткен екен.