Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткіні сақтаған күдіктіні ұсталды.
Атыраулық полицейлер ірі көлемде есірткі затын сақтаған күдіктіні қолға түсірді
674
оқылды

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткіні сақтаған күдіктіні ұстады.

Күдікті Абай облысының 1998 жылғы тұрғыны болып шықты. 

«Тәркіленген есірткі затының салмағы 487,75 грамм 1500 реттік қолдануға болатын мефедрон екені анықталды.  ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова