Белгілі актриса Жәнел Мақажан күйеуіне хат жазып, өзін тоқалдыққа ұсынып жатқан қыз-келіншектердің барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күйеуіме қыздар хат жазып, өзін тоқалдыққа ұсынып жатыр – Жәнел Мақажан
5,236
оқылды

“Менің күйеуіме қыздар хат жазып, өзін тоқалдыққа ұсынып жатыр. Бірақ оның бәйбішесі де, тоқалы да мен. Өмірінің соңына дейін маза бермесем де, тіпті толықсып кетсем де, ол мені жақсы көреді”, – деп жазды актриса.

Отбасылы еркектерге жазатын қыз-келіншектердің барын білген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмады.

“Қазіргі қыздарда ұят жоқ. Үйленген еркектерде несі бар?”, “Басқа еркектер құрып қалды ма?”, “Құдай сақтасын. Қыздарда ұят та, намыс та жоқ. Сұмдық, өзін қалай тоқалдыққа ұсынады? Айтарға сөз жоқ”, – деп таңғалды желідегілер.