Қала әкімдігінің қаулысымен 23 жанармай құю, 11 газ құю стансасының қызметін бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Екібастұзда автогаз құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды
868
оқылды
Екібастұзда жас жігіттің өмірін қиған жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 281-бабының 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) және 292-баптың 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық істер қозғалды", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Бұған қоса қала әкімдігінің қаулысымен 23 жанармай құю, 11 газ құю стансасының қызметін бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оған Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етеді.