Учаскелік инспектор шақыртуға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға тиіскені анықталды.
Ақтауда кішкентай қыздарға тиіскен ер адам жауапқа тартылды
1,763
оқылды

Ақтауда кішкентай қыздарға тиіскен ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

 

25 шілдеде кезекші 102 пультіне 28 «а» шағынауданы 1-үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскен.

«Учаскелік инспектор шақыртуға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға тиіскені анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі және 449-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды», – делінген хабарламада.