Еліміздегі ауыл шаруашылығы мақ­са­тында пайдаланылатын жайылым жерлердің 40 пайызы нашар күйде. Мұндай деректер ғарыштық мониторинг нәтижесінде белгілі болды.
Жайылым жерлердің жайы нашар
655
оқылды

«Былтыр көктемде Қазақстанның 60 ауданы бойынша жайылым алқаптардың 26,2%-ы өте нашар және 33,4%-ы нашар жағдайда екені анықталды», – деді Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ал биыл көктемде жүргізілген мониторинг қорытындысы негізінде жайылым жерлердің жай-күйі мынадай: 40% жайылым жердің жағдайы өте нашар; 4 млн гектар жайылым жер қатты дәрежеде деградацияланған; өсімдіктердің орташа өнімділігі – гектарына 4,6 центнер.