«AMANAT» партиясы қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде әрі тиім­ді шешу үшін қоғамдық қабыл­дау бөл­мелері «жедел әрі бір жер­де» қа­ғи­дасымен жұмыс істеуін қа­таң қа­да­ғалайды.
«Халыққа көмек» түйінді тарқатады
747
оқылды

«Халыққа кө­мек» пар­тия­лық жобасының басты мақ­саты – азаматтардың арыз-ша­ғым, өтініш-тілектерін дер кезінде ше­ше отырып, әлеуметтік проб­ле­маларға көмек көр­сету. Аталмыш жо­ба арқылы жыл ба­сынан бергі 7 айда «AMANAT» пар­тиясы Шымкент қалалық филиа­лы­ның қоғамдық қабылдау бөлмесінде 506 қабылдау болып, 512 өтініш қа­­ралған. Бүгінде оның 193-і оң ше­ші­мін тапқан. Бұл туралы филиалдың атқарушы хат­шысының орынбасары Бегайдар Төлегенов атап өтті.

«Шешімін тапқан мәселелердің бір­қа­тарын атап өтуге болады. Мәселен, «Ха­лық­қа көмек» партиялық жобасы аясында 2023 жылдың 24 наурыз күні «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласқан Нұртас шағын ауданының тұрғындары атауы жоқ көшеге шағал тас төсеу жұмыс­та­рын жүргізу мәселесі бойынша көмек сұ­рап қабылдауға келген болатын. Аталған мәселені қалалық мәслихат депутаты Қай­рат Имашев өз бақылауына алды. Нә­ти­же­сінде, аталған көшеге депутат де­меу­ші­лі­гімен 2,2 шақырым жолға шағал тас тө­сел­ді. Ал Базарқақпа тұрғын алабындағы Алай және Балқан көшелерінің тұрғын­да­ры мәслихат депутаты Байкен Ашир­баев­тан көшелерге жөндеу жұмыстарын жүр­гі­зіп, асфальт төсеуді сұраған. «AMANAT» пар­тияы фракция мүшесі тарапынан жол­данған депутаттық сауалдың нәти­же­сінде мердігер мекеме «Қазығұрт-Проект» ЖШС орташа жөндеу жүргізіп, асфальт төсеп берді», – деп атап өтті Бегайдар Мұ­са­ұлы. 

Сонымен қатар биылғы сәуір айында «AMANAT» партиясы Абай аудандық пар­тия филиалының қоғамдық қабылдау бөл­месіне хабарласқан  Шымкент қала­сы­ның тұрғыны «Авто-Нұр» базарына қа­ты­найтын жол маңына мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтар мен жаяу жүргіншілер жү­ре­тін жолақ қарастырылмағанын ай­тып, аталған мәселені шешуге ықпал етуді сұ­рап өтініш білдірген. Көп ұзамай пар­тия­­ның ықпалымен «Авто-Нұр» базарына кі­ретін негізгі көшенің бойына көлік кеп­­­телісін болдырмау және жаяу жүргін­ші­лер қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақса­тын­да жаяу жүргіншілер жолағы салынған.

Жалпы, Шымкент қаласындағы пар­тия филиалына тұрғындар тарапынан ке­ліп түскен өтініштер қатаң бақылауға алы­нып, шешімін тауып жатқанын атап өт­кен жөн. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы