Биыл маусымда Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі 403 теңге (бір адамға) болды. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда тариф 31% қымбаттады.
Енді қоқыс шығару тарифі қымбаттады
829
оқылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары тариф мына қалаларда тіркелді: Алматы – 553 тг, Ақтау – 504 тг (2022ж. маусым – 250 тг.), Орал – 496 тг (2022ж. маусым – 286 тг.).

Қоқыс шығарудың ең төмен бағасы Тараз қаласында байқалды (94 тг.). Онда тариф өткен жылдан бері өзгермеген.