Халықаралық есірткі арналарын анықтап, жолын кесу жалғасып жатыр.
ҰҚК мен Қырғызстан ІІМ есірткі зертханасын жойды
1,140
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ТМД аумағында есірткі өндірісін жойды. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында Қырғыз Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізді. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат әріптестерге жолданды.

 

Нәтижесінде, 2023 жылғы 29 маусымда Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді.   

Тінту кезінде 30 келі «мефедрон», 2,2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді.