Полицейлер қару жасырылған үш ірі орынды анықтады.
Жамбыл облысында Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақтар табылды
1,073
оқылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күн сайын Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеуге қатысты үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, кезекші тәулікте қару жасырылған үш ірі орын анықталды, - деп хабарлады Polisia.kz.

«Тектұрмас» этнотарихи кешенінің аумағында жедел ақпаратты іске асыру барысында ПД ҰҚҚІҚБ және ЕҚҚІБ қызметкерлері ашық алаңнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қапшықтарды тапты. Қапшықтардан Қаңтар оқиғалары кезінде ПД ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі пулемет-тапанша, 20 мм калибрлі ТОЗ-120 бір ұңғылы тегіс оқпанды аңшы мылтығы, ТОЗ-63 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығының екі бірлігі, 4,5 мм калибрлі МР-654 пневматикалық тапаншасы, ИЖ-79 газ тапаншасы, РГД-5 қол гранатасы, АК-47 автоматының оқжатары, түрлі калибрлі 87 патрон және арнайы құралдар табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ Тараз қаласының ПБ-2 полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы көшелердің біріндегі қоқыс арасына жасырылған 16 калибрлі ИЖ-ЗК мылтығын, ТТ ЛИДЕР травматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 23 оқ-дәрі, АКСУ автоматының оқтамасын, полицей каскасын, оқ өтпейтін жилет, резеңке таяқша және полицей қалқаны табылып, тәркіленді.

Қазір осы деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иелену, дайындау, беру, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.