Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.
Әскерге алынған 2600-ден астам азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді
1,605
оқылды

Қазіргі таңда әскерге шақырылған 2600-ден астам сарбаздың несиесін төлеу мерзімі кейінге қалдырылды.

«Әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды ұйымдастырды. Бүгінгі таңда 2600-ден астам мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың барлық санынан қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін уақыт берілді. Жобаның ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, жеке өтінішсіз проактивті форматта кредитті төлеуді тоқтата тұру мүмкіндігін ұсыну алгоритмі әзірленді. Бұл алгоритм даму сатысында», - деп мәлім етті Дархан Ахмедиев ОКҚ-да өткен брифнгіде.