Биыл колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау көзделген.
Қазақстанда колледжге түсуге құжат қабылдау мерзімі қашан аяқталады?
2,051
оқылды

Қазақстанда колледжге түсу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 тамызына дейін жүргізіледі. 

 

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Елімізде колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау көзделген.

Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т.б. бағыттар бойынша ұлғайтылды.

Былтырдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады. Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отыр.