Қазір үйінділерді бөлшектеу, тұтанған құрылымдарға су төгу жұмыстары жүргізілуде.
Алматыда құрылыс материалдарын сататын дүкен өртенді
1,097
оқылды

Алматыда құрылыс материалдарын сататын дүкенде өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минут ішінде сөндірді.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін сағат 16:16 шамасында өрт сөндіру бригадасы Түрксіб ауданы «Қайрат» ықшамауданы, Түркістан көшесі 27 мекенжайына жоғары ранг бойынша шақыртуға шықты.

«Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндірушілер құрылыс материалдарын сататын дүкен аумағының 150 шаршы метр жері ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қабылданған шаралар арқасында 16:33-те өртті ауыздықталып, 16:42-де толық өшірілді», – деп хабарлады департаменттен.