Шымкентте жалаңаш ер кісі көшенің қақ ортасында шомылған

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.

Шымкентте орта жастағы ер адам көшенің қақ ортасында шомылған. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды otyrar.kz.

Ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыштан ағып тұрған суға жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ер адамның кім екенін анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.