Атырауда жыл басынан бері 365 кәсіпкердің құқығы бұзылған.
Салық қызметкерлері кәсіпкердің үстінен өзі арыз жазып, өзі тексерген
1,991
оқылды

Мемлекеттік кіріс органдары 269 кәсіпкердің банктегі шотын жабу туралы заңсыз ұйғарым шығарған. Бұл туралы Aikyn.kz «Хабар24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Оған қоса салық қызметкерлері талап бойынша кем-кетікті жойған 4 кәсіпкердің есепшотын бірнеше күнге дейін ашпай, кәсіп иелерін әбігерге салған. Олар мұнымен қоймай, Wipon қосымшасы арқылы кәсіпкерлердің үстінен өздері арыз жазып, кейін оны өздері тексерген. 

Бұл іске прокурорлар араласып, 36 кәсіпкерден заңсыз алынған 11 млн теңгені иелеріне қайтарылды. 

Қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Алмат Сүйеуов: «Салық органының қызметкерлері өз тарапынан кәсіпкерлерден анықталған заңбұзушылықтар туралы хабарлама жолдап, өзі тексерген. Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңсыз 51 тексерістің күші жойылды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды. Заң бұзғандар қатаң жауапқа тартылды», – деді.

Бұған дейін  Шымкентте трансплантолог-дәрігер Кадрлық бизнес дәрігерге жұмыс істетпейді деп үстінен жазылған арыз-шағым туралы айтқан еді.