Maqsut Narikbayev University еліміздің әр өңірінен келген талапкерлер үшін қолжетімділік пен ыңғайлылықты арттыру мақсатында виртуалды қабылдау процесін сәтті жүзеге асырды.
Елордалық университет талапкерлерге құжат тапсыру әдісін жеңілдетті
1,215
оқылды

Құжаттарды тапсырудың жаңа виртуалды тәсілдерінің арқасында енді талапкерлер өз құжаттарын оңай және жылдам ұсынады, сәйкесінше елордаға бару қажеттілігінен құтылып, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы оқу шартына қол қоя алады.

Жаңа қабылдау процесінің негізгі артықшылықтарының бірі - CRM жүйесі арқылы әрбір талапкерге жеке кеңесші тағайындау. Жеке кеңесші талапкердің оқуға түсуіне дейінгі процесстерді толықтай өз назарында ұстайтын болады. Бұл әр кезеңде уақытылы және сапалы қолдауды көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, талапкерлердің жайлылығын қамтамасыз етіп, виртуалды-консультациялар өткізу үшін Whereby платформасы пайдаланылады.

Ақтау қаласында ЖОО-ға құжаттарды электронды түрде тапсыру рәсімін сәтті пайдаланған талапкердің ата-анасы Ақмарал бұл тәсіл туралы өз пікірін білдірді. Өзінің тәжірибесі туралы айта отырып, ол электронды қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігінің арқасында баласының келуіне уақытты да, ақшаны да айтарлықтай үнемдей алғанын атап өтті.

«Біз Ақтау қаласында тұратындықтан барлық қажетті құжаттарды онлайн тапсыру бізге өте ыңғайлы болды», - деп бөлісті ата-ана. - Біз қабылдау комиссиясына жүгініп, Нұрай атты қызды жеке кеңесші ретінде таңдадық. Кеңесшіміз бүкіл өтініш беру процесінде бізбен байланыста болып, қабылдау үшін барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектесті».

Электрондық қолтаңбаны пайдалану үшін талапкердің ата-анасы алдымен электрондық құжат айналымының есепке алу жүйесіне тіркелді, содан кейін өзінің ЭЦҚ дербес кілтін пайдалана отырып, университетпен шарт жасасты. Бұл тәсіл ата-аналарға қонақүйде тұруға және екі жаққа ұшуға кететін ақшаны айтарлықтай үнемдеді.

Осылайша, электронды құжаттарды берудің тиімді жүйесінің арқасында талапкерлердің ата-аналары дәстүрлі құжаттарды тапсыру әдістеріне қосымша шығындар мен уақыт шығындарын айналып өтіп, балаларын оқуға дайындауға назар аудара алады.

Аталмыш процестің ашықтығына да ерекше назар аударылады. Кезек күтуді басқару үшін университет талапкер өз менеджерін таңдай алатын электрондық онлайн кезек жүйесін қолданады. Бұл барлық үміткерлерге тең мүмкіндіктер беріп, қолайсыздықтарды азайтады. Сонымен қатар кеңес беру аяқталғаннан кейін әрбір талапкер кеңесшінің жұмысы туралы бағалау мен пікір қалдыра алады. Бұл болашақта көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға өз септігін тигізеді.

«Біз университетімізге түскісі келетін талапкерлердің қабылдау үрдісін барынша қолжетімді және ыңғайлы етуге тырысамыз. Құжаттарды тапсырудың жаңа тәсілдерін енгізу және жеке кеңесшімен қамтамасыз ету - талапкерлерге осы маңызды кезеңнен оңай өтуге және университетімізде сәтті оқуды бастауға көмектеседі», - деді Maqsut Narikbayev University қабылдау комиссиясының жетекшісі Арман Серікжанұлы.