Оқиға 23 шілде күні болған.
Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен баласының мәйіті табылды
1,081
оқылды

Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден 75 жастағы қария мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиға 23 шілде күні болған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйелдің және оның 44 жастағы ұлының денесі табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі болмаған.

«Олардың екеуі де ауыр сырқатқа шалдыққан, есепте тұрған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.