Кестені "Алматы Су" МКК ұсынды.
Алматының Медеу ауданында су беру кестесі әзірленді
754
оқылды
Алматының Медеу ауданында суды беру мен тоқтатудың уақытша кестесі биылғы 29 шілде сағат 07:00-ден бастап 30 шілде сағат 24:00-ге дейінгі кезеңде жарамды болады.

Кестені "Алматы Су" МКК ұсынды.

Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде сумен жабдықтаудың шектелуіне байланысты жағдай сол күйі қалып отыр.

Бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан мұздықтардың еруіне, сел және өзен жағалауларын су шаюға байланысты тау өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы байқалған.

"Таудағы нөсер жаңбырға байланысты лайлану деңгейі өзгерген жоқ, бұл сүзгі станциясында су дайындаудың технологиялық үдерістерін бастауға мүмкіндік бермейді. Сумен қамту жүйесін Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне қайта реттеу нәтижесінде кесте бойынша су беру жалғасуда, оған жер асты көздерінен қосымша су көлемі қайта бағытталды", – деп хабарлады"Алматы Су" МКК баспасөз қызметі.

 

Суға сағат сайын зертханалық зерттеу жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлану деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі керек. Қазіргі уақытта ол 148-300 мг/дм3 аралығында.

Айта кетейік, "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешенінің батысында Қаппаров көшесінде орналасқан "Трамплиндер" сорғы станциясының қосылуымен "Есентай" ТҮК, "Таушатыр" ТҮК сумен жабдықтауды қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қысымның төмендеуімен "Ақбота" ТҮК су беру қалпына келтірілді.