«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынының облыстық кезеңі мәресіне жетті.
«AMANAT AQYLMAN» жарысы өтті
991
оқылды

Сайыстың мақсаты – жастар арасында шешендік өнерді, азаматтық танымды дамыта отырып, жастардың өз көзқарастары арқылы  ше­шім қабылдап, құқықтық сауаттылықты арттыруды ин­тел­лектуалды ойын арқылы толығырақ насихаттау. 

Интеллектуалды ойын бұған дейін өңірдің барлық аймағында өт­кен болатын. Жүзден жүйрік шыққан 17 команда облыс орталығында бас қосты. Жарыс алдында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан об­лыстық филиалының төрағасы Ал­тын­сары Үмбеталиев интеллек­туал­ды жарыстың іріктеу кезеңдеріне 900-ден астам үміткер қатысқанын ай­тып, таңдаулылар жиналған бүгінгі сайыс­қа  қатысушыларға сәттілік тіледі. 

– 7 кезеңнен тұратын білім жары­сында облысымыздың 17 аудан,  қа­ла­сынан іріктелген 100 үздік команда іріктеліп, жиналып отырсыздар. Ойын қызықты әрі тартысты өтеді деп ойлаймын. Командалардың жеңіс­ке деген құлшынысы жоғары екені көрініп тұр. Әрине, ойын бол­ған­нан кейін біреу жеңеді, біреу жеңі­леді. Оған төрешілер өздерінің әділ бағаларын беретін болады.  Ойын­ды ұйымдастырып, өткізуге ат­салысқан демеушілерге және пар­тияластарға үлкен алғысымды біл­діре­мін, – деді А.Үмбеталиев.

Әр команда құрамы 6 белсенді қа­тысушыдан құралған. Олар талап­тарға сай түрлі ойындар бойынша ой жарыстырды. Ойын соңында төре­шілердің шешіміне сәйкес жеті ке­зеңнің жеңімпаз командалары анық­талып, оларға сый-сыяпат үлестірілді.  Турнир қортындысы бойынша 1- орын Төлеби ауданының «Жалын» ко­мандасына бұйырса, 2-орынды Бәй­дібек ауданының «ВВС», 3-орын­ды Түркістан қаласының «Тұран БАҚ» құрамасы еншіледі. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы