Балаларға жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Алматы облысында дәретханадан 2 бала құтқарылды
2,924
оқылды

Алматы облысында дәретханаға құлап кеткен екі бала құтқарылды,  деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

«28 шілде күні сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы әл-Фараби көшесінде бала дәретханаға құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Оқиға  орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу аттанды. Өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 8 шақырым болды.

Анықталғандай, 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын шұңқырға түсірген. Бірақ екі баланы өз бетінше көтеріп шығара алмаған.

Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен техникасының күшімен сағат  18.54-те балалар шұңқырдан шығарылды»,  делінген мәліметте.