Тамара Дүйсенова білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуді тапсырды.
Балалардың демалысы мен бос уақытын өткізетін нысандар көпфункционалды болуы тиіс - Тамара Дүйсенова
1,265
оқылды

Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте министрліктер мен әкімдіктердің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту, мектептердің санитариясы, тамақтандыруды және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен сауықтыру лагерьлерін құру жөніндегі жұмыстардың қорытындылары қаралды.

Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспан бейнекамераларды тексеру нәтижелері мен мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі туралы баяндады.

Тамара Дүйсенова Оқу-ағарту, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктеріне білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция министрліктеріне халықаралық талаптарды ескере отырып, мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктеріне жазғы лагерьлердің қызметін мұқият зерделеп,болған  барлық кемшіліктерді жоюды және келесі маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.

«Балалардың демалысы мен бос уақытын өткізетін нысандар, балалар орталықтары көпфункционалды болуы тиіс, онда балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық, физикалық дамуы қамтамасыз етілуі қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.