32 жастағы рестобар даяшысы алаяқтық жолмен 440 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған.
Астанада рестобарлардың бірінде даяшы қонақтардың 440 мың теңгесін жымқырған
1,820
оқылды

Астанада рестобарлардың бірінде даяшы қонақтардың 440 мың теңге қаражатын жымқырған,  деп хабарлады Polisia.kz.

 

32 жастағы рестобар даяшысы алаяқтық жолмен 440 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған.

«Ол келушілерге қызмет көрсету кезінде өзінің жеке мобильді банкинг арқылы төлем алғаны анықталды. Полицияға хабар берген әкімшілік қызметкері алаяқты байқамайынша, даяшы бір ай бойы клиенттердің ақшасын жымқырып келген», деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазір  рестобар қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.